Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауғанстан Қазақстанмен бірлескен сауда-транзиттік компания ашуға ниетті

Ауғанстан Қазақстанмен бірлескен  сауда-транзиттік компания ашуға ниетті

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - 2016 жылы Ауғанстан мен Қазақстанның арасындағы сауда-саттық 430 миллион АҚШ долларын құрады. Ауғанстан құны 11 миллион долларлық тауарды Қазақстанға экспорттаған. Бұл туралы tolonews.com жазды.

Ауғанстан тарапы бұл көлемді ұлғайтпақ. Жақында елдің сауда-өнеркәсіп палатасы (ACCI)  бірлескен сауда және транзиттік компаниясын құруға ниетті екенін мәлімдеді.

"Транзиттік компанияны құруға алдағы 6 ай немесе 1 жыл ішінде қол жеткіземіз. Осыдан кейін екі тарап келісімге қол қоямыз", деді ACCI басқармасының орынбасары Хан Ян Алокозай.

 

Похожие материалы