Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қауіпсіздік технологияларының әлемдік шығыны 8,2 пайызға өседі

Қауіпсіздік технологияларының әлемдік шығыны 8,2 пайызға өседі

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – 2017 жылы құралдарға, бағдарламаларға және қауіпсіздік салаларына жұмсалатын шығын 8,2 пайызға өсіп, 81,7 млрд долларды құрайды. International Data Corporation (IDC) сарапшылары осындай болжам жасады.

Болжам бойынша, 2020 жылы нарық көлемі 105 млрд долларға жеткен кезде орташа өсім 8,7 пайыз болады.

IDC сарапшыларының пікірінше, қауіпсіздік технологиялары үшін ең көп қаражат жұмсайтын өндірістік сала өкілдері, банктер және мемлекеттік құрылымдар екен. Олар 2017 жылғы жалпы шығынның 30 пайызын құрады.

Телекоммуникация мен кәсіби қызметтер шығыны 5 млрд доллардан асып түседі.

«Алдағы төрт жылда қауіпсіздік саласына ең көп шығындалатын салалар: телекоммуникациялық компаниялар, орташа жылдық өсім (11,2%), мемлекеттік құрылымдар  (10,2%), денсаулық сақтау компаниялары (9,8%) және банктер (9,5%) болады», - дейді IDC сарапшылары.

2017 жылдағы ірі әлемдік нарық АҚШ болады (39,6 млрд доллар), екінші орында – Батыс Еуропа (19,2 млрд доллар), үшінші орына Азия - Тынық мұхит аудандары.

Похожие материалы