Гонконг. 1 маусым. 7kun.kz - Салмағы 5,03 карат болатын сирек кездесетін Aurora Green жасыл гауһары Гонконгтағы Christie's аукционында 16,8 млн долларға сатылып, рекорд орнатты. Бұл жөнінде аукцион үйінің сайтында жазылды.
Осылайша гауһар құны бірден екі рекорд жасап отыр: біріншіден, бұл әлемде сатылған ең қымбат бриллиант болса, екіншіден, бір карат үшін ұсынған 3,4 млн доллар бағасы да бұрын-соңды болмаған.
Акуционды ұйымдастырушылар гауһар тас үшін 16-20 млн доллар шамасында сатылады деп үміттенгенін де жасырмады.