Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Үш ауысымда ауқымды «Зерен-2019» танымдық лагеріне Қазақстаннан, сондай-ақ шетелден 600 дарынды отандастарымыз қатысты.
Лагерь бағдарламасы дәрістер мен семинарлардан құралған білім беру блогынан және әлеуметтік бизнес-жобаларды жасайтын тәжірибелік блогынан тұрды. Қатысушылар келесі төрт бағыттағы жоба бойынша жұыс істеді, олар: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа.
Әр ауысымда дарынды жастар қазылардың талқысына өздерінің бірегей жобаларын ұсынды. Үшінші маусымның жеңімпаздары 30 шілдеде анықталып, «Зерен-2019» Республикалық білім беру жастар жазғы лагерінің соңғы маусымы жабылды.
Үшінші ауысымның жеңімпаздары:
«IN DATA» командасы «Biz map» жобасымен.
«UmitApp» командасы «Round up» жобасымен. Жоба әмбебап дүкендер желісін қатыстыра отырып, қайырымдылық қорына қаржы тартуға бағытталған.
«Happy project» командасы «Be my friend» жобасымен.
«ZhanAru» командасы «CityBox» жобасымен. Бұл жоба Қоқысты бөлек-бөлек жинайтын автоматтандырылған жүйені жасауға арналған.
«Healthy Life» командасы «Magic hands» жобасымен.
Сонымен қатар, үшінші маусымның басқа да жобалары : «Easy Kazakh» – цифрлы сегментте қазақ тілін дәріптеуге бағытталған әлеуметтік-коммерциялық жоба. Жобаның арқасында «Easy Kazakh-қа» шетелдік аудитория тартылады және қазақ тіліндегі оқу материалдарының тиімділігі мен сапасы артады. «GreenIT» – атмосфераны ластайтын заттардың шығу көлемін есептеуге арналған бағдарламаны жасау. «Influx» – ауаны тазалауға және сүзуге арналған энергиялық тиімді құрылғы жасау.
Лагерьдің салтанатты түрде жабылуымен құттықтауға Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келді. Ведомство басшысы жастардың дайындық деңгейіне, ой өрісіне және өз саласындағы біліміне сүйсінетінін жеткізді.
Лагерьдің үш ауысымы да шілде айында өтті. Бірінші ауысым 3 – 11 шілде аралығында, екінші ауысым 13 – 21 шілдеде, үшінші ауысым 23 – 31 шілде аралығында өтті. Осылайша, әр ауысымда лагерьге Қазақстан, Иран, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен 200 қатысушыдан келіп, Зеренді курорттық аймағында естен кетпес тоғыз күнін өткізді. Лагерьдің біткенше 15 үздік жоба анықталды. «Зерен-2019» лагерінің үш ауысымындағы жалпы жүлде қоры 15 млн. теңгені құрады, одан бөлек, кәсіпкерлер 12 млн теңге бөлді.
Күн сайын зерендіктердің алдында танымал спикерлер сөз сөйледі, олар: Қазақстан вице-премьері Гүлшара Әбдіхалықова, Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Президенттің кеңесшісі, саясат және қоғам қайраткері Ерлан Қарин, Kusto Group-тың негізін қалаушы және қосалқы иесі Еркін Тәтішев; қазақстандық әйгілі альпинист, жоғары деңгейлі альпинизм бойынша ҚР біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, әрі жүлдегері Мақсұт Жұмаев, Қазақстандағы ең ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаушы, кәсіпкер Тимур Хұдайбергенов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Нұр-Cұлтандағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов және тағы басқалар.
Алдыңғы екі ауысымның жеңімпаздары:
1 кезең:
«Red Orda» командасы, «Жоңышқа - табиғи тыңайтқыш» жобасымен.
«Эко энерджи» командасы, «Био отын» жобасымен.
«Оңтүстіктікілер» командасы, «Qazaq oyi» жобасымен.
«Қамқор» командасы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шығармашылық орталығы» жобасымен.
«Эко жер» командасы, «Вирмигумус» жобасымен.
2 кезең:
«Эко бахилы Zeren» жобасымен UPGRADE командасы. Кем дегенде 350 рет пайдалануға болатын биологиялық ыдырайтын материалдан эко-бахил тігу.
Q4 командасы «Тақымды тұлға» жобасымен. Ұлттық ат оқу орталығының ашылуы.
Arasan командасы «Aiel Baqyty» жобасымен. Әйелдердің репродуктивті денсаулығына байланысты барлық проблемаларды шешу үшін инновациялық платформа құру.
Демеу командасы «Демеу» жобасымен. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін оқу курсы және тұрақты жұмысқа орналастыру
«Агро-М» жобасымен Ұмтылу командасы. Халва, май, косметика жасауға болатын сафлор өсіру, химия мен тыңайтқыштарды пайдалануға шығынсыз жануарларға арналған «тірі» азық.
Зерендіктер бүкіл уақытын жобаларды жасап, оны жүзеге асыруға ғана жұмсаған жоқ. Жастар күнделікті таңғы сағат 7-ден 8-ге дейін белсенді спортпен айналысып, команда аралық спорт сайыстарына қатысты. Қатысушылардың ең сүйікті сәттерінің бірі - FireTime (алау маңындағы кездесу) уақытында ынталандырушы спикерлер жастарға тәлім беріп, оларды жаңа идеяларға шабыттандырды және өздеріне деген сенімдерін арттырды. Одан бөлек, қатысушылар бос уақытында тауға шығып, Ақмола облысының көркем табиғатымен танысты және Зеренді көліне шомылды. 27 шілдеде зерендіктер, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұйымдастырған «Бірге - Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық челленджіне атсалысып, лагерь аумағын тазалады.
2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып жарияланғанын естеріңізге саламыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл еліміздегі жастардың дамуына және жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін шешуге арналған нақты қолдау құралдарын құруға бағытталады.
«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылды. Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен-2019» жастардың өзін өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.
Қазақстан мен басқа да елдердің 18 - 29 жас аралығындағы кез келген азаматы «Зерен-2019» жобасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Лагерьде тұру және білім алу шығынын ұйымдастырушылар көтерді.