Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл бизнесін несиелендіру шарттары өзгертілді

Ауыл бизнесін несиелендіру шарттары өзгертілді

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының директорлар кеңесінің шешімімен несиелендіру бағдарламаларына бірқатар өзгерісер енгізілген. Бұл туралы қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Kapital.kz хабарлайды.

Жаңа шарттар бойынша, "Ырыс" бғдарламасы бойынша сүтті асыл тұқымды ірі қара мал (ІҚМ) басының сол малдың карантинге жеткізілген кездегі жасы мына мәндерден аспауы тиіс: қашар - 12 мен 18 ай аралығы (қоса алғанда), бойдақ - 26 айға дейін (қоса алғанда). Штатта мал дәрігерінің немесе мал дәрігерлік саласында кәсіпкерлік қызметті атқаратын жеке немесе заңды тұлғаларда аттестаттаудан өткен мал дәрігерлік қызметтің болуы шарт.

Бұл бағдарлама бойынша 2014 жылы 1 034,5 млн теңге соммасына 26 қарыз берілген. 2015 жылы 2 941,8 млн теңге соммасына 80 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.

Интенсивті (отбасылық) алма бақтарын құру және дамыту бойынша мақсатты топқа жеке тұлғалар да қосылды. Қарыздың немесе лизингтің максималды соммасы 40 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін арттырылды. Негізгі қарыз бен сыйақыны өтеудің жеңілдікті кезеңі 36 айға дейін ұзартылды. Бағдарламаның негізгі талаптары: лизинг алушы қаражатының есебінен кем дегенде 2 жылдық мерзімге тиісті қызметтерді ұсынатын ұйыммен жобаны аграрлық тұрғыда қостау туралы шарт жасасу.

2015 жылы интенсивті (отбасылық) алма бақтарын дамыту бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 150 га жерге алма көшеттерін отырғызуға 1,6 млрд теңге қаражат бөлу жоспарлануда.

Похожие материалы