Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — «Ауыл» партиясы ҚР президенттігіне кандидат ретінде Төлеутай Рахымбековты ұсынды. Бұл туралы съезде «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының төрағасы, сенатор Али Бектаев мәлімдеді.
Ол партияның саяси кеңесі президиумының мүшелерімен сарапшылармен кеңес өткізгенін айтты. Сонымен қатар, түрлі кандидатуралар қаралып, осы сайлауда партияны қалай дұрыс ұсыну керектігі туралы барлық жағдайлар ескерілді.
«Түрлі пікірлер болды, келіспеушіліктер болды. Бірақ бүгін партия саяси кеңесінің отырысында бір пікірге келдік: партияның саяси кеңесі «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Рахимбеков Төлеутай Сатайұлын ұсыну туралы саяси кеңес президиумының ұсынысын қарастырды», - деді Али Бектаев.
Белгілі болғандай, партияның президент сайлауына қатысу туралы шешімі, ең алдымен, партияның жарғысы мен бағдарламасында айтылған мақсаттар мен стратегиялық міндеттер туралы қайта мәлімдеуге бағытталған.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. Оны ұйымдастыруға Үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлінеді. Ал кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады және 8 маусым күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады.