Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 1 347,9 долларға жетті

Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 1 347,9 долларға жетті

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - 8 қарашада Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев экспортты дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. 

Primeminister.kz-тің хабарлауынша, кеңесте ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру бағыттары талқыланды. Экспорттық әлеуетке ие тауарлардың «экспорттық қоржыны» қаралған.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 2017 жылдың қаңтар–тамыз аралығында 1 347,9 млн долларды құрады. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӨК өнімдері экспортының 10,6 пайызға (1205,9 млн-нан 347,9 млн долларға дейін), соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері 9,9 пайызға (563,1 млн-нан 625 млн долларға дейін) артқаны байқалады. Экспорт құрылымы бойынша негізгі көлем бидай (28,3 пайыз) мен ұнға (21,0 пайыз) тиесілі.

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылық саласында бірнеше келісімдерге келген еді.

Похожие материалы