Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 12,5 пайызға артты

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 12,5 пайызға артты
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтып берді.  "2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерінің экспорты 12,5 пайызға (2 123,9 млн АҚШ долларынан 2 388,5 млн АҚШ долларына дейін), оның ішінде өңдеу өнімдері 10,7 пайызға (973, 8 млн доллардан 1 077,9 млн долларға дейін) артты"-деді Арман Евниев. Оның айтуынша, экспорт көлемінің артуына Қытай және Тая Шығыс елдерімен жасалға келісімдер әсер еткен. "Бұған Қытаймен, Таяу Шығыс елдерімен, сондай-ақ Еуропалық елдермен ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ықпал етті"-деді вице-министр. Экспорттың негізгі көлемі бидайдан (27,7 пайыз), ұннан (19,7 пайыз), майлы дақылдардан (10,5 пайыз), арпадан (5,8 пайыз), өсімдік майынан (3,9 пайыз), мақта талшығынан (3,8 пайыз), бұршақ дақылдарынан тұрады. Негізгі өткізу нарықтары – Өзбекстан (19,7 пайыз), Ауғанстан (19,6 пайыз), Ресей (12 пайыз), Тәжікстан (9,6 пайыз), Қытай (7,5 пайыз), Иран (7,1 пайыз), Қырғызстан (5,3 пайыз), Түркия (3,5 пайыз), Италия (2,6 пайыз), Латвия (2,4 пайыз) елдері болып есептелінеді.

Похожие материалы