Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 3,9 трлн теңгені құрады

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 3,9 трлн теңгені құрады
Алматы. 12 жетоқсан. 7kun.kz - 2017 жылдың алғашқы 11 айының қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 3,9 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бейнеконференц байланыс режимінде облыс әкімдерінің министр Асқар Мырзахметовпен өткізген жиынды айтылды деп АШМ баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты индекс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 102,3 пайызды құрады, жылдық жоспарда 102,5 пайыз. Қыркүйек және қазан айларында сәйкесінше 1,9 және 2,1 пайызға артты. Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, 2017 жылдың басында әр аумақ бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты индекс көлемі есебінің болжамды деректерін дайындады. Сонымен қатар, Министрлік ай сайын әкімдіктермен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша селекторлық жиын өткізіп тұрады. Соның нәтижесінде 11 айдың қорытындысы бойынша нақты индекс көлемінің артуы күтілуде. Сонымен қатар, жиналыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру, осы жылы жиналған егінді жүзеге асыру, өңдеуші зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Майлы дақылдар, мал азығы дақылдарынан келіп түсетін пайда туралы айтылды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мәселесіне келетін болсақ, 2017 жылдың 8 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша республика көлемінде 777 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген немесе 166 пайызға жоспардан артық орындалған. 2017 жылы Қазақстан мен Қытай ауылшаруашылығы саласында 6 келісімшартқа қол қойды.

Похожие материалы