Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді
Алматы. 22 қазан. 7kun.kz - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қарыздарды өтеудің жаңа әдісін енгізді деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.  Енді Қордың қарыз алушылары «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның терминалдары, банкоматтары және интернет-банкинг жүйесі арқылы несиеге төлем жасай алады. Республиканың барлық тұрғындары, аймаққа және тұрғылықты жеріне қарамастан, несиені ыңғайлы түрде өтей алады. Біздің компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірлесе отырып, банк бөлімшелеріндегі терминалдар, банкоматтар және интернет-банкинг арқылы несиелерді өтеуге мүмкіндік беруді қарастырды. Бұл уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бөлімшелері аудан орталықтарының көбісінде жұмыс істейді, оларда 694 банкомат және 94 терминал орнатылған. Тарифтерді салыстырсақ, банк кассалары арқылы қарызды өтеу үшін комиссия – 250 теңге, ал банкомат немесе терминал арқылы – 70 теңге алынады. Интернет арқылы «Starbanking» жүйесі арқылы төлемдер ақысыз болады, ол үшін банкке өтінім жазып, логин мен парольді алу қажет.

Похожие материалы