Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті. Бұл туралы ведомстводағы дереккөз хабарлайды деп жазады Vlast.kz.

Бейсенбіде Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековқа сөгіс берілген еді. Оған Жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру науқанының нашар жүргізілуі себеп болды. "Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың қызметіне толық сәйкес еместігін жариялаймын. Бұл - соңғы ескерту. Тапсырманы орындамаған жағдайда, қызметіңнен босатыласың", -деген еді мемлекет басшысы. Мамытбеков 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Еске салайық, 5 мамырда ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен кетіп, орнына Қуандық Бишімбаев тағайындалды.

Похожие материалы