Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге 60 млрд теңге жұмсалады

Ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге 60 млрд теңге жұмсалады

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қазақстанға кең жолақты Интернетке қол жеткізу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы 60 млрд теңгеге бағаланатын болады. Бұл туралы Қазақстандық жобаларды дайындау қорының басқарма төрағасы Әділ Өтембаев мәлімдеді.

ОКҚ-ға қол қойылған кезде ол жобаны алдағы үш жылда жүзеге асыратынын атап өтті. Келісімшартты «Қазақтелеком» ұлттық компаниясы «SilkNetCom» және «Транстелеком»-мен бірлесе отырып жасады.

Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Тұяқовтың айтуынша, 2,4 млн тұрғыны бар 1,2 мың ауыл коммуникациямен қамтылатын болады. Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 20 мың км-ден асады.

«Құрылыс 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. 2018 жылы 105 мың адам, 2019 жылы 1,3 млн адам, ал 2020 жылы 1 млн-нан астам адам жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылатын болады», - деп түсіндірді Тұяқов.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, ауыл мен қала арасындағы интернет-қызметтер бағасына ешқандай айырмашылық болмайды.

«Орташа алғанда, абонент 2 мың теңге, үй шаруашылығында - 4 мың теңге», - деді ол.

Похожие материалы