Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыр жүк көліктерін бақылау – басты назарда

Ауыр жүк көліктерін бақылау – басты назарда

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы филиалының қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп ауыр жүк көліктерін тексеруді жалғастыруда. Себебі көптонналық көліктер қала көшелеріне едәуір зиян келтіреді.

Алматы қаласында 3 000 шақырымнан астам жолға асфальт жабындысы төселген. Алайда жүк көліктері қозғалысының жиілеуіне байланысты жаңа жолдардың өзі тозып жатыр.

Айта кетейік, елімізде 80 мыңнан астам ауыр жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 42 500-дей көлік Алматы қаласында есепте тұр. Республика бойынша жүк көліктерінің жартысынан астамы Алматыда тіркелгендіктен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» қызметкерлері Көлік инспекциясымен бірігіп қалада тексеружұмыстарын жиі жүргізеді.

Мамандардың айтуынша, жолдың 90%-ы жүк көліктері қозғалысынан тозған. Себебі жүк көліктері жүкті нормадан асырып тиеген, арасында салмағы 50-60 тонна болатын техниканы тасымалдағаны да бар. Соның салдарынан жаңа жол үш жылға жетпей тозады.

ЖАҰСО Алматы филиалының инженері Айдар Бейіспековтің айтуынша, бұл жолы жүк көліктерін тұрақта тұрған жерінде тексеріп, талапқа сай емес көлік жүргізушілеріне ескерту жасалған. Әдетте хаттаманың басым бөлігі жүкті рұқсат етілген нормадан асырғаны үшін толтырылады екен.

Похожие материалы