Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Австрия енді толықтай Қазақстан мұнайын сатып алуда

Австрия енді толықтай Қазақстан мұнайын сатып алуда

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Ресей мұнайынан толық бас тарқан Австрия оның орнын Қазақстан мұнайымен алмастырып жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ресейдің Украинаға әскери шабуылы басталғаннан кейін Еуропа елдерінің ішінде алғаш болып Австрия Ресей мұнайынан бас тартты. Бұл туралы Австрияның OMV мұнай компаниясы хабарлады. APA агенттігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Австрияға негізгі мұнай жеткізуші Қазақстан болып отыр.

Шет мемлекеттерден Австрияға жеткізіліетін мұнай шикізатының 38,9% - ы Қазақстанға тиесілі. Екінші орында — Ливия (22,1%), үшінші орында — Ирак (20,7%), деп жазады Energy Monitor. Ал Ресей 7,8% үлесімен төртінші орында болған.

Похожие материалы