Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Австрия мемлекеті ресейліктердің 254 млн евросын бұғаттап тастады

Австрия мемлекеті ресейліктердің 254 млн евросын бұғаттап тастады

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Австрия Еуроодақтың Ресейге салынған санкциялары аясында ресейліктердің 254 миллион еуро қаржысын бұғаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Kurier басылымының мәліметінше, бұл ақшалар 97 шотта болған. ЕО енгізген шектеу шаралары аясында одаққа мүше елдер Еуропадағы ресейліктердің шоттарын бақылауы керек. Содан бері Австрия билігі мұндай активтерді іздеуді тынымсыз жалғастыруда. Іздеуді тезірек жүргізу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы да құрылды.

Осылайша, қазіргі уақытта 254 млн еуро сомасында активтер орналастырылған 97 есеп шот бұғатталды.

"Бұл Германия 2022 жылдың наурыз айында хабарлаған жағдайдан екі есе көп", - делінген Австрия үкіметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, қазір тергеліп жатқан активтерді жасыру әрекеттері анықталғаны туралы да хабарланды. Австрия билігінің айтуынша, жақын арада бұғатталған есеп шоттардың саны артуы керек.

Похожие материалы