Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Австриялықтар қазақстандық отбасыны қорғау үшін митингке шықты

Австриялықтар қазақстандық отбасыны қорғау үшін митингке шықты

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Австрияның шағын Нидервальдкирхен қаласының тұрғындары қазақстандық отбасын депортациядан қорғауға арналған митингке шықты. Бұл туралы meinbezirk.at хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, сегіз және он жастағы екі баласы бар Қазақстаннан шыққан ерлі-зайыпты қалада 2015 жылдан бері тұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, отбасы неміс тілін үйреніп, жергілікті адамдармен жақсы араласқан. Алайда, тамыз айының соңында қазақстандықтарға Австрияда баспана беруден бас тартқан. Оның себебі көрсетілмеген.

"Олар түрлі фестивальдарға қатысып, жасыл желектерді сақтау сияқты қоғамдық жұмыстарға көмек көрсетеді, біз депортация себептерін мүлдем түсінбейміз – бұл отбасы ұзақ уақыт бойы біздің бір бөлшегіміз болды", – деп атап өтті митингке қатысқан Марианна Хорецедер.

Айта кетейік, қазақстандық ерлі-зайыптылар 2013 жылы балаларының екі және төрт жасында бопсалау мақсатында ұрланғанын мәлімдеген. Осыдан кейін олар шетелге көшуге шешім қабылдайды.

Похожие материалы