Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Автокөлікті 10-ақ күнде несиеге алу мүмкін бе? 

Автокөлікті 10-ақ күнде несиеге алу мүмкін бе? 

Өзім несие алып, депозит ашып жүрген банк қолданыстағы автокөлікті несиеге жылдам рәсімдеп береміз деп жарнама жасаған еді. Бұл бойынша қызмет көрсетуі жап-жақсы. Өйткені, әрине кез келген банк өздеріне ақша әкелгенді ұнатады.

Бірақ жүріс көрген машинаға бір күнде несие рәсімдеу – сенімсіз әңгіме. Мен белгілі бір сомаға автонесие алуға бір жарым апта бұрын өтініш білдірдім. Дереу бекітілді. Бірақ, рәсімдеуге келгенде менеджерлер созып жіберді. Қарызды мақұлдау үшін өтініш бергенге дейін айтқаны: «Бекітілген бойда сатушыны табыңыз, болды сонымен. Ары қарай өзіміз жасаймыз бәрін», – деп нақтылап айтқан болатын. 

Бүйткен түгі жоқ. Мен сатушы таптым, содан кейін қосымша төлемдер пайда бола бастады, мемлекеттік-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру банктің есебінен деп айтқан болатын, сөйтсе осы МҚЖС-ны банктен сатып алуым керек екен, ал автомобильді СТО-да бағалау үшін тағы 2000 теңге қажет болды. 

Тағы бір нәрсе: басында олар үш жақты келісімшарт жасасқан кезде бір рет келсе болды деп айтады. Автокөлікті (техникалық құжат, сақтандыру, мемлекеттік нөмір) өзіміз рәсімдейміз деп. Мен автокөлікті алғаш рет сатып алғалы тұрмын және осыған байланысты мұндай нюанстарды білмейтін едім, бүкіл процесс маған таныс болмады. Енді олар маған рәсімдеу үшін сатушымен бірге күні бойы арнайы ХҚКО-да жүруге тура келетінін айтады. Бір кісі күтіп алады онда, қайда бару керегін, қайда төлеуге болатыны туралы және т.б. айтады дейді. Маған ұнамағаны мыналар: 

1) Банк клиентті арбау үшін бәрін жасайды («Сізден тек төлқұжат керек және ертең машина алып кетесіз» деген сияқты). 

2) Шарт жасасқаннан кейін, әрқашан басында айтылмаған нәрсе шыға келеді (өтініш бергенге дейін ГПО, МАИ-шілерге арналған қызғылт қағаз банк есебінен дейді, сосын шартты бұзу кеш болып кеткенде ГПО-ны мен өз есебімнен банктен сатып алады екем). 

Жалпы алғанда, не айтқым келеді? Халқым, басты катырмай өз күшіңізбен ақша жинаңыз. Банктің қатысуынсыз көлікті арнайы ХҚКО-да рәсімдеу бір-ақ күнді қажет етеді. Ал егер уақытыңызды кетіріп, жұмыстан сұранып, түсініксіз нәрселерге ақша жинағыңыз келсе, банкке жүгініңіз. 

Айнұр, 

Астана 

Похожие материалы