Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Автокөлік жолдарын салуға және күрделі жөндеуден өткізуге 302 млрд теңге бөлінді

Автокөлік жолдарын салуға және күрделі жөндеуден өткізуге 302 млрд теңге бөлінді

2016 жылы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын салып, күрделі жөндеуден өткізуге 302 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде «Нұрлы жол» жобаларының іске асуына Ұлттық қордан 178 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Жолдардың 1,7 мың шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылады.

"2016 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізінің Бейнеу-Шетпе, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Қапшағай-Талдықорған учаскелер бойындағы барлық жолдарды ашу және Ертіс арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау жоспарланды. Барлығы, ұзындығы 1 мың шақырымға созылған учаскелерде жолдарды ашу көзделуде", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліповтың сөзінше,  қазіргі уақытта жолдарды күтіп ұстауға 13 млрд теңге бөлінеді, бірақ норматив бойынша жыл сайын жол желісін сапалы күтіп ұстау үшін 45 млрд теңге бөлу қажет. Сонымен бірге, ақылы жолдардан жиналған қаражат, жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.

"Тек қайта қалпына келтірілген немесе күрделі жөндеуден өткен жол учаскелері ғана ақылы болады", - деді Ұлан Әліпов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

2016 жылы Астана-Атбасар жолында ауыр жүк автомобильдеріне және Қызылорда-Шымкент автокөлік жолында барлық көлік түрлеріне ақылы жүйе енгізіледі.

Фото: m.khabar.kz

Похожие материалы