Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Автомобиль жолдары комитеті 75 мың адамды жұмыспен қамтыды

Автомобиль жолдары комитеті 75 мың адамды жұмыспен қамтыды
Алматы. 17 қараша. 7kun.kz - Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында еліміздегі автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы, ақылы жол жүйесін енгізу және жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті деп хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі.  Баспасөз мәслихатында министрліктің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бағдарлама алдағы бес жыл ішінде құрылыстың бес негізгі бағытын тең дамытуды көздейді. Бұл – Орталық - Солтүстік, Орталық - Шығыс, Орталық - Оңтүстік, Орталық - Батыс және Алматы – Шығыс автожол жобалары. «2015-2016 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар 2 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, қайта жаңартылуда. Оның ішінде 1,3 мың шақырым жол 1 және 2 техникалық санат параметрлері бойынша пайдалануға берілді. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Көкшетау-Петропавл учаскелері толығымен аяқталды»,-деп атап өтті Амангелді Беков. Барлық жобалар бойынша жұмысқа 75 мың адам тартылды, отандық өндірушілер материалдарының үлесі 93%-ды құрады. «Бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85% -ға дейін жетті. Биыл бағдарлама Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка жобаларының құрылыс жұмыстарын жалғастырды. Олардың жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым», - деді Автомобиль жолдары комите төрағасының орынбасары. 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа ақылы жолдар пайда болады. 

Похожие материалы