Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары ереуілге шықты

"ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары ереуілге шықты

БҚО. 13 мамыр. 7kun.kz - Батыс Қазақстан облысындағы Чинаревское кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысымен айналысып жатқан "ҚазҚұрылысСервис" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Қайрат Әбуов мәлімдеді.

Әбуовтың айтуы бойынша, 10 мамырдан бастап "ҚазҚұрылысСервис" АҚ мердігерлік құрылыс мекемесінің 140 жұмысшысы айлық жалақыларын көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан. "Қазіргі таңда аталған жерге облыс прокуратурасының қызметкерлері, еңбек инспекциясы және Зеленов ауданының жергілікті атқарушы мекемесінің  қызметкерлері аттанған. Айта кетер жәйт, Чинаревское кен орны Зеленов ауданына қарасты. Жағдай толығымен бақылауымызда", - дейді Қайрат мырза. "Бүгінде бұл жобадағы орташа жалақы - 70-80 мың теңге. Айлық жалақы кешіктірілмей беріліп жүр", - дейді ол. Ағымдағы курс - 85,8/$1. "ҚазҚұрылысСервис" компаниясы "Жайықмұнай" ЖШС-нің тапсырысымен Чинаревское кен орнында газ өңдеу зауытын салып жатыр. "ҚазҚұрылысСервис" Қазақстан мен Үндістанда мұнай-газ саласының нысандарының құрылысымен, жобалаумен және материалды-техникалық жабдықтаумен айналысады.

Похожие материалы