Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазқұрылыссервис" жұмысшыларының ереуілі аяқталды

"Қазқұрылыссервис" жұмысшыларының ереуілі аяқталды

БҚО. 14 мамыр. 7kun.kz - Батыс Қазақстан облысындағы Чинаревское кен орнында газ өңдеу зауытын салып жатқан "Қазқұрылыссервис" компаниясының жұмысшылары ереуілдерін тоқтатты.

"Жұмысшылар бүгін жұмысқа шықты, оларға еңбекақылары төлене бастады", - деп хабарлады бейсенбі күні "Қазқұрылыссервис" АҚ.

Компания өкілінің айтуынша, өткен сәрсенбі күні ереуілге шыққандар осы мәселенің басын ашу өтінішімен облыс прокуратурасы мен "Нұр Отан" партиясының филиалына жазбаша арыз бағыттаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 мамырдан бастап «ҚазҚұрылысСервис» АҚ мердігерлік құрылыс мекемесінің 140 жұмысшысы айлық жалақыларын көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан болатын.

Похожие материалы