Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақфильмге" айыппұл салынды

"Қазақфильмге" айыппұл салынды

Бостандық ауданының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-тың жұмысын тексеру барысында Жер туралы заңды бұзғандарын анықтады. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Тексеру кезінде "Қазақфильм" жер телімдерін, мақсатты түрде уақытша ақылы пайдалануға берілген жерлерді және өндіріске қызмет ету үшін берілген корпустарды, студияларды, гараждарды, қоймаларды пайдаланып, ҚР Жер туралы Кодексінің 65 бабы, 1-ші бөлімінің 1-ші тармағына сәйкес заңды бұзғаны анықталды", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Мират Кенжеғұлов.

Сондай-ақ, прокуратура "Қазақфильм" аумағында жеке тұлғалар иелігіндегі үш ТЖО және автотұрақ заңсыз жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Прокурорлық акт негізінде Акционерлік қоғам ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 339 бабы бойынша жер телімін мақсатсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 99 мың 100 теңге көлемінде айыппұл салынып, заң бұзушылықты қалпына келтіруге бұйрық берілді", - деді Мират Кенжеғұлов.

Похожие материалы