Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақ хандығы туралы фильмнің түсіру жұмыстарына қосымша қаражат керек

Қазақ хандығы туралы фильмнің түсіру жұмыстарына қосымша қаражат керек

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақ Елі" фильмінің түсірілім жұмыстарына қосымша ақша іздестіріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, қазір түсірілім тобы - "Қазақфильм" және министрлік "Қазақ Елi" фильмінің түсірілім жұмыстарына қосымша қаражат іздестіріп жатыр. "Мен жобаға қаражат табу үшін жауапты меценат ретінде өзім де қатысамын", - деді А.Мұхамедиұлы. Ол тарихи сериалдың түсірілім жұмыстарына министрліктің де өз тарапынан ішкі қосымша қорлардан қаржы іздейтінін айтты. Ведомство басшысы Министрліктің тапсырмасымен көп сериялы фильмнің түсірілім жұмыстарын бастағанын айтты. Яғни, үлкен форматтағы 30 сызба жұмыстары жүргізілген. Ол костюмдерді тігу, басты рольдерге актерлер таңдау сияқты жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Министр бұған дейін сериалдың дайындық және түсірілім жұмыстарына қаражаттың неліктен жетпегенін де түсіндіре кетті. "Қаражат сериалға ғана бөлінген. Енді өз басым Рүстем Әбдірашевтің ойын қолдаймын. Бәріміздің мақсатымыз жақсы кино шықса деген ниет. Әрине, тарихи жақсы кино түсіруге бәріміз жан-жақтан көмектесуге дайынбыз", - деді ҚР Мәдениет министрі. Министр түсірілім тобының наразылық білдіруін қолдайды, оның айтуынша, бұл қосымша қаражатты талап етеді. "Көркем фильм киностудия павильонынан тыс жерде жүргізіледі. Ол Сығанақ, Сарайшық, Алмалық пен Созақ қамалын, Керей мен Жәнібектің ауылын тұрғызуды талап етеді", - деді А.Мұхамедиұлы.

Похожие материалы