Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың 9 айында «Қазақмыс» корпорациясы катодты баламада 169,4 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2016 жылдан 6 мың тоннаға артық (+3,7%), деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
2017 жылдың басынан бастап «Қазақмыс» байыту фабрикалары барлығы 21,8 миллион тонна кенді қайта өңдеді. Кендегі мыстың орташа мөлшері 0,99%-ті құрады. Бұл 2016 жылдан 0,95% жоғары және жоспарланған мөлшерден 8,1%-ке көп.
«Қазақмыс» жұмыскерлеріне қолайлы әлеуметтік жағдай қалыптастыру үшін, 1 қыркүйектен барлық жұмысшылардың еңбек ақысын көтерді. Бұл мақсатқа шамамен 6 миллиард теңге бөлінді. Біз үшін маңыздысы - еңбек қауіпсіздігі. Осыған байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы үш жылдық орташа мерзімді бағдарлама қабылданды. Мақсатымыз - жарақаттанушылық деңгейін төмендету және өндірістегі өлім жағдайларын толық жою», - дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарушы кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев.