Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақмыс" Bank RBK-ға 160 млрд теңге ақша салады

"Қазақмыс" Bank RBK-ға 160 млрд теңге ақша салады
Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - 7 қараша күні Үкімет отырында ҚР Үкіметі, Ұлттық банк, "Қазақмыс корпорациясы" және Bank RBK арасында көпжақты мемарандумға қол қойды.  Бұл туралы Primeminister.kz сайты мәлімдеді.  Құжат ережесіне сәйкес, «Қазақмыс корпорациясы» RBK капиталына 160 млрд теңге салу туралы шешім қабылдады. Ал Ұлттық банк жақын арада Bank RBK-ның шамамен 240 млрд теңге сомасында банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысу туралы өтінімін қарайды. RBK банкі қалыпқа келтіру мақсатында шамамен 600 млрд теңге сомасындағы проблемалық займдарды жеке арнайы құрылған компанияға беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тараптар RBK банкінің квазимемлекеттік құрылым депозиттерін қайтаруы проблемалық займдарды қайтару шамасы бойынша жүргізіледі деп келісті. RBK өтімділіктің түсуіне қарай әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша міндеттемелерді орындай бастайды. Аталған және өзге де кешенді шараларды іске асыру RBK-ны қаржы қызметтер нарығында тұрақты әрі сенімді серіктес етіп, банкті тұтастай қалыпқа келтіріп, өтімділікті жүйелендіруге мүмкіндік береді. 7 қараша күні Bank RBK-ның директорлар кеңесіне жаңа төраға сайланды.

Похожие материалы