
Сәтбаев. 25 тамыз. 7kun.kz - 24 тамыз күні Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның электр желілері кәсіпорнында жағымсыз жағдай орын алды. Аралық станция жұмысы барысында 1971 жылы туылған электр-газ дәнекерлеуші тоққа түсіп, қаза болды.
Болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
"Қазақмыс" - Қазақстанның алдыңғы қатарлы тау кені және металлургия компаниясы. Компанияның негізі Балхаш көлі ауданында мыс өндіре бастаған кезде 1930 жылы қаланған. 2005 жылдың қазанында Лондонның қор биржасына шықты.