2015 жылы "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен базасын дамытуға және өндірісті қайта құруға, ғимараттарды және Балқаш мыс қорыту зауытының жабдықтарын ірі жөндеуден өткізуге шамамен 55 млрд теңге бөледі деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазақмыстың инвестицияларды жоспарлау департаменті директоры Марат Қосыбаевтың айтуынша, мыстың тұрақсыз әрі төмен бағалары инвестициялық бағдарламаларға әсер етпейді.
"Иә, біз бағдарламаларға түзету енгіземіз, бірақ өндірісті модернизациялау үшін ақша қажетілік туындағанға байланысты бөлінетін болады", - деп мәлімдеді М.Қосыбаев.
2014 жылы инвестициялардың көп бөлігі қолданыстағы жабдық паркін ұстауға және жаңартуға және әрекет етіп жатқан кен орындарында таулы-күрделі жұмыстарды орындауға бағытталған еді.
Ақпарат көзі: vlast.kz