Экономика
Қазақстан 15 желтоқсанда ДСҰ-ның ресми түрде толық құқықты мүшесі атанады
Қазақстан 15 желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымының ресми түрде толық құқықты мүшесі атанады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz.
«15 желтоқсан күні Найроби қаласында өтетін ДСҰ-ға мүше елдердің министрлік кездесуінде Қазақстан ұйымның толық құқықты ресми мүшесі атанады», - деді ол.
Сондай-ақ, Алексей Волков ДСҰ елдерімен болатын келіссөздер кезінде АҚШ мемлекеті Қазақстанға permanent normal trade relations (қалыпты сауда қарым-қатынасы - ред.) атағын беруі мүмкін екенін атап өтті.
«ДСҰ-мен сауда қарым-қатынас арқылы жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Біз бұл ұйымға мүше бола отырып, еліміздің іскерлік қабілетін таныта аламыз», - деді Алексей Волков.
А.Волковтың сөзінше, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы әлемдік дамушы елдер клубы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ)өтуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекет Еуропалық одақпен ұзақ мерзімді серіктестік жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.