Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 20 жылдан кейін бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болады

Қазақстан 20 жылдан кейін бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болады

Қазақстан 2035 жылға таман әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары отыз елдің қатарына кіруі мүмкін. Бұл туралы сейсенбі күні Астанада өткен индустрияландыру жөніндегі конференция барысында "Қазақстанның индустияны дамыту институты" АҚ басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов хабарлады.

"Біз жүргізген есептеулер бойынша, егер индустриаландыру идеологиясы шынымен ұлттық идеяға айналатын болса, біз 2035 жылға таман өңдеуші сектор бойынша бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары отыз елдің қатарында болуымыз мүмкін", - деп мәлімдеді А.Күлсейітов. Бұл ретте А.Күлсейітов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздің бұл рейтингке 2050 жылға таман ену міндетін айтқандығын атап өтті. А.Күлсейітовтың айтуынша, бағдарламаның бірінші кезеңінің басты міндеті - үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИМБ) бесжылдықтарын іске асыру үшін жағдай жасау. "Бізде 2035 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өсетіндей әртараптандыру бойынша жүйелі жоспарлы жұмыс жүргізу міндеті тұр, онда біз бұл міндетті бірінші бесжылдықта орындай алмайтындығымыз түсінікті. Біз алдымызға жағдай жасау мақсатын қойдық - заңнамалық және инфрақұрылымдық тірек құру", - деп түсіндірді ол. Бұл ретте А.Күлсейітов қаражаттың 80%-ы инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалғандығын айта кетті. Индустриаланырудың өзіне шамамен 600-700 млрд теңге кетті. "Бұл қаражат "Даму" қоры, Қазақстанның даму банкі, Арнайы экономикалық аймақтар және т.с.с. арқылы жұмсалды", - деп түйіндеді ол.

Похожие материалы