Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - Қазақстан 2017 жылы 8-9 млн тонна бидай экспортауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазақстан-Интерфакс" хабарлады.
Ауылшаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, 2016 жылы 8,5 тонна бидай мен ұн өнімдерін экспортқа шығарды. Биылғы жылы да дәл сондай нәтижеге жету жоспары бар.
Қазақстан 2016 жылы бункерлік салмақта 23,7 млн тонна бидай өнімін жинады. 2015 жылмен салыстырғанда, 18,5 пайызға көп.
Қазақстан бидай өнімін Солтүстік Африка, Таяу Шығыс елдері, Еуропа, БҰҰ-на кіретін елдерге жеткізеді.