Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 2018 жылы мұнай экспортынан 5,1 млрд доллар табыс тапты

Қазақстан 2018 жылы мұнай экспортынан 5,1 млрд доллар табыс тапты
Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан 2018 жылдың алғашқы екі айында 10,4 млн тонна мұнай экспорттап, 5,1 млрд доллар көлемінде табыс тапты деп жазады lsm.kz. Сыртқа мұнай тасымалдау көлемі 2017 жылдың қаңтар-ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2 пайызға азайған. Ал түсім жағынан 2017 жылмен салыстырғанда 29,5 пайызға ұлғайған. Қазақстанның мұнайының басым бөлігі Италияға сатылған. Бұл ел қаңтар-ақпан айларында 3,3 млн тонна мұнай сатып алған. Екінші орындағы Голландияға 1,4 млн тонна мұнай экспортталған. Ал Францияға 1,2 млн тонна мұнай сатылған. Кореяға 448,6 мың тонна мұнай жөнелтілген.

Похожие материалы