Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 7-10 маусым аралығында Қазақстанға келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысады.
Бұл жайлы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Канның хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Құжатта «ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 7-10 маусым аралығында мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Ол ШЫҰ мемлекет басшыларының 17-інші кеңесіне және Астанадағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесіне қатысады», делінген.
8-9 маусым күндері Астанада ШЫҰ-ының саммиті өтеді. Саммит қатысушылары Үндістан және Пәкістан мемлекеттерін ұйымның толық құқықты мүшелігіне ұсыну жөнінде шешім қабылдайды деп жоспарланып отыр.
Дереккөз: Қазақпарат