Дүниежүзілік даму банкінің айтуынша, Қазақстанға үнемі Орталық Азияның көршілес елдері мен ЕЭО-қа қатысушы мемлекеттерінен мигранттар көптеп келеді.
«2010 жылы елімізде ресейлік жұмыскерлер саны мыңға жуық, белорустар саны бар-жоғы 50 болса, бүгінде Ресейден келгендер саны 7 мыңға жуық, белорустар саны 500-ге тарта болып отыр», - дейді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Дәулет Арғандықов.
Сонымен бірге, Қазақстанға келетін еңбек мигранттарының тағы біразы Өзбекстан мен Қырғызстаннан келеді. Олардың саны ресми деректер бойынша, 50 мыңға жуық. Жұмыскерлердің басым көпшілігі құрылыс (44,4%), тау-кен өндіру (13,4%) және өңдеу (5,4%) салаларына тартылған. Қазақстанда Қытайдан келген мигранттар да жұмыс жасайды. 1993 жылы республикада ресми түрде Қытайлық 600 адам жұмыс істесе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңға көтерілді.