Экономика
Қазақстанға сырттан жыл сайын 200 млн доллар көлемінде сүт өнімдері тасымалданады
Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Иван Сауэр «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың жұмыс кездесу барысында айтты деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
«Мәселен, бізде сүт өінімдерін өндіруді ұлғайту бойынша әлеует жоғары, өйткені сүт өнімдері жыл сайын сырттан шамамен 200 млн АҚШ доллары көлемінде тасымалданады. Егер отандық фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындарды қолдасақ, онда ипорт көлемін айтарлықтай қысқартып, қаражатты мемлекет ішінде қалдыра аламыз. Сүт өндірісін өсіру әлеуеті СҚО, Ақмола, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары. Мемлекеттік қолдауда мал шаруашылығындағы сүт бағытын дамыту басымдыққа айналуы керек», – деді ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы.
Ауылда шағын шаруашылықтарды қолдаудың маңызды бағыты «Атамекен» үшін де өзекті, Ұлттық палата өкілдерінің пікірінше бірлесу арқылы тиімді өндірісті жүргізу, өнімді өткізу мәселесін шешу, импортты алмастыру, шаруашылық табысын жоғарылатып, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға болады.
«Бұл бағытқа қаражат бөлінген және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін ауыл шаруашылығы кооперациясы даму бағдараламасының қозғалысы «ҚазАгро» арқылы жүргізіле беруі тиімді екенін сендіруге тырысады. Осы күндері біз барған өңірлердегі ауыл кәсіпкерлері шағын шаруашылықтарды біріктіру тиімді екенін түсініп отыр», – деді Тимур Құлыбаев.
Қазақстанда 1 160 ауылшаруашылық-өндірістік кооперативі құрылған, олар былтырдың өзінде өңдеуші кәсіпорындарға деп тұрғындардан 132,2 мың тонна сүт, 19,1 мың тонна ет сатып алған. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы кооперативтер 27,1 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алған. Бұл қаражат ірі қара мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық алуға жұмсалды.