Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан алтын қоры жөнінен әлемде 21-орында

Қазақстан алтын қоры жөнінен әлемде 21-орында

Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан ең ірі алтын қоры бар 100 елдің рейтингінде 21-орнын сақтап қалды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Бұл рейтингті "World Gold Council" сарапшылары жасаған.

Халықаралық сарапшылар ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 267,7 тонна алтын бар, оның елдегі алтынвалюта резервіндегі үлесі 35,7 пайызға тең.

Рейтингте АҚШ 8133,5 тонна алтынымен көш бастап тұр. Оның алтынвалюта резервіндегі үлесі 75,1 пайыз. Одан кейін Германия (3377,9 тонна), Италия (2451,8 тонна), Франция (2435,9) елдері тұр. Алтыншы орында 1842,6 тонна алтын кенімен Қытай тұр.  Одан кейін 7-орында  Ресей және 8-орында Беларусь.

Похожие материалы