Қазақстан қаржылық сауаттылығы жағынан ЕурАзЭҚ елдерінің арасында басым түсті
Қазақстан халықтың қаржылық сауаттылығы жағынан Standard&Poor’s-тің рейтінгінен 49-орынды иеленді. Бұл туралы LS хабарлайды.
Бұл мәлімет халықаралық рейтинг агенттігі Standard&Poor’s-тың Gallup, Дүниежүзілік банк және Жаһандық зерттеу орталығымен бірлесіп қаржылық сауаттылықты анықтағанда белгілі болды.
Агенттіктің сарапшылары қазақстандықтардың 40%-ы мемлекет экономикасына белсенді қатысуына және өз экономикалық потенциалын бағалай алатын жеткілікті білімі бар екенін анықтады. Қазақстан бәрінен де инфляция құрылымын жақсы түсінеді екен.
Ресей рейтингтің 55 орнында тұр. 48 орында - Украина, 50-Сенегал. Еуразиялық экономикалық одақтағы басқа елдер болса: Беларусь - 61 орында, Армения -137, Қарғызстан - 134 орында.
Сарапшылар қаржылық сауатты тұлға ретінде әр ел азаматының ақшаны жинауды, жұмсауды, инвестициялауды және қарызға беруді білетін адамдарын санады. Зерттеу нәтижелері олардың қатерді әртараптандыру қабілетіне, инфляцияны түсінуіне, математиканы білуіне және қиын пайыздық есептемелерді есептей алуына байланысты болды.
Жалпы әлемдегі адамдардың 33%-ы қаржылық сауатты болып шықты. Сауалнама бойынша скандинавиялық елдер жоғарғы нәтиже көрсеткен. Оларға Норвегия, Дания және Швеция жатса, төменгі көрсеткішті Йемен, Албания және Афғанстан мемлекеттері көрсетті.
Фото: kapital.kz