Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Қазан айында 5 миллиардтан астам теңге ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағына аударылды. Ақша аударатын алғашқы үштікке тән ақша аударымдарының жалпы саны 78 пайызды құрайды, деп хабарлайды ranking.kz.
2017 жылдың қаңтар-қазанда Қазақстаннан шетелге жіберілген және шетелден келген ақша аударымдары көлемі 26,9 пайызға, 398,8 млрд теңгеге дейін және тиісінше 2016 жылмен салыстырғанда 20,8 пайызға, 249,9 млрд теңгеге дейін өсті.
Елдегі ақша аударымдары небәрі 3,1 пайызға (589 млн теңге) 19,7 млн теңгеге дейін өсті. 2016 жылы Қазақстан Республикасының аумағында ақша аударымдарының көлемі 54 пайызға (22,4 млрд теңге) 19,1 млрд теңгеге дейін төмендеген болатын.
Еліміздегі ақша аударымдары көлемінің жыл сайынғы өсімі қазан айында жүргізілген аударылымдар есебінен тіркелді. Соңғы 2 жылдағы ең жоғары айлық көрсеткіш 5,2 млрд теңге болды. Ақша аударымдары жүйесіндегі аударымдардың жылдық өсімі Western Union көрсеткіштеріне әсер етті. 2017 жылдың қаңтар-қазанында 5,8 млрд теңге. Ал, тек қазан айының өзінде 3,6 млрд теңге аударылған. 2016 жылғы қаңтар-қазандағы өсім 33,3 пайыз (1,5 млрд теңге) болды. Бұл үлес 22,8 пайыздан 29,6 пайызға дейін өсті.
«Фастерс» жүйесі ақша аударымдары бойынша екінші орынға ие - 5,3 млрд теңге, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға (354,3 млн теңге) төмен. Бұл үлес 29,6 пайыздан 27 пайызға дейін төмендеді.
Үштікті «Золотая Корона» аяқтайды - 4,3 млрд теңге, өсім 44,9 пайыз (1,3 млрд теңге). Бұл үлес 15,4 пайыздан 21,6 пайызға дейін өсті.Бұрын көлемі 1,8 млрд теңге болды. 2016 жылғы қазанмен салыстырғанда өсім 2,2 есе өсті.