Экономика
Қазақстан Балтық елдерінің балығын кіргізуге уақытша тыйым салды
Қазақстанның ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті латвиялық және эстониялық балық өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы Россельхознадзордың ресми сайтында жазылған.
"Қазақстанның ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзорға Қазақстан аумағына латвиялық және экстониялық зауыттардан өндірілген дайын және консервіленген балық өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салғанын ескертті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, осы жылдың мамырында Россельхознадзор мамандары латвиялық және эстониялық балықөңдеуші зауыттардағы өнімдерді тексерді. Инспекция нәтижесінде олардың өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ветеринарлы-санитарлы талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Ресейлік бақылау органында хабарлағандай, олардың құрамында бензопирен және өзге де улы заттар мөлшерден көп.