Қазақстандық банктерде доллар курсы 259 теңгеге жетіп отыр. Естеріңізге сала кетсек, KASE таңғы сессиясы барысында доллар құны 255,26 теңге етіп бекітілген болатын. Сату және сатып алу құнының айырмашылығы 2 теңге болуы алып тасталмайды деген болатын Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов. Бұл жөнінде Тенгриньюс жазады.
Қазіргі таңда бірқатар банктердің сайттарында сату және сатып алу құны мынадай:www.asiacreditbank.kz сайтынан скриншот
www.qazaqbanki.kz сайтынан скриншот
Ал, ЦентрКредит болса, 257 теңгеден сатып, 255-тен сатып алып жатыр. Еуразиялық банк 256,9 теңгеден сатып, 255-тен сатып алады. Сбербанк 258-ден сатады, 256-дан сатып алады.www.bcc.kz сайтынан скриншот
www.eurasian-bank.kz сайтынан скриншот
www.sberbank.kz сайтынан скриншот
Бүгін түске дейінгі уақытта бірқатар банктер мен айырбастау бөлімшелерінде валюта саудасы тоқтап тұрған еді. Ал, Цеснабанк сайтында доллар курсы әлі жаңармады. Ол жерде бұрынғысынша 188,38 теңгемен тұр.www.tsb.kz сайтынан скриншот