Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz - Халықаралық қаржы институттары Қазақстанның банк секторын баяу қаржыландырып жатқанымен, микрокредиттеу нарығында белсенді жұмыс істеп жатыр. 2017 жыл құны 44 млн долларды құраған келісіммен басталды. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Қазақстандық компаниялар қаржыландырудың сыртқы көздерін қайта тартуға тырысып жатыр. 2016 жылдың 9 айын қамтитын мерзімде Қазақстан резиденттері мен резидент еместерге де тиесілі бағалы қағаз бойынша қарыздар 818 млн долларға немесе 4 пайызға артқан. Мұндай өсім 2015 жылы берешек көлемі шамамен 4 млрд долларға дейін азайғаннан кейін болып отыр. Бұл инвесторлардың Қазақстан экономикасын баяу болса да қайта қаржыландырып жатқанын білдіреді.
Мемлекеттік сектордың да, жекеменшік сектордың да шетелдік инвесторларға қарызы көбейген. Экономиканың басқа да секторларының (банктерден бөлек) қарызы 626 млн долларға артқан.
Шетелдік инвесторлар ақша құюды азайтқан жалғыз сектор – Қазақстан банктерінің қарызы. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтық банктердің шетелдік инвесторларға қарызы 222 млн долларға немесе 6 пайызға азайды. Бес жыл бұрын банктердің резидент еместерге қарызы 2 есе көп болатын.