Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы Қазақстан 660,7 млн долларға 4,2 млн тонна бидай экспорттады, деп хабарлайды LS.
Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда, 5,5 пайызға және ақшалай түрде 4,8 пайызға төмендеді.
Бидай мен меслинді жеткізудің ең үлкен көлемі Өзбекстанға (1,7 млн тонна, 198,7 млн доллар) және Тәжікстанға (1 млн тонна, 165,9 млн доллар) тиді. Бұдан басқа, Қытайға 576 млн долларға 306,9 мың тонна астық, Ауғанстанға 46,4 млн долларға 285 мың тонна, Қырғызстанға 37,8 млн долларға 227,1 мың тонна астық жеткізілді.
Дәл сол аралықта шамамен 469,3 млн долларға 2,3 млн тонна ұн сатылды. Негізгі сатып алушысы Ауғанстан болды. Бұл мемлекет 1,5 млн тонна тауарды 324,8 млн долларға сатып алды.
Сондай-ақ, 109,7 млн долларға 627,2 мың тонна ұн Өзбекстанға, 10,5 млн долларға 35,8 мың тонна ұн Түркіменстанға жіберілді.