Қазақстан дүкендерінде қылауланған құс еттері мен ішек таяқшаларының бактериялары бар, зеңденген макарондар, жарма түрлері, майлар, кондитер өнімдері сатылуда. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік мониторингі бойынша, Қазақстан тұтынушыларының құқығын қорғау қоры мен Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті біріге отырып, күзгі реестрде 7 түрлі кондитер өнімдерін, 10 құс еті мен құс өнімдерін, 2 макарон және жарма, 3 май өнімдерін жарамсыз деп тапты. Өндірушілер: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь.
Қордың хабарламасы бойынша, S.Enteritidis құс өнімдері талапқа сай емес. Фабрика өнімдерінде ішек таяқшаларының бактериялары бар және кМАФАнМ шамадан қолданылған. Сондай-ақ, мемлекттік тілде таңбалану, массалық үлестің сай болуы сияқты талаптар орындалмаған.
Аталған фабрика өнімдері Қызылорда, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент, Орал қалаларында тіркелген.
Қор реестріне Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарының сауда нүктелерінде сатылып жатқан 5 кондитер өнімдері тіркелді. Олардың көпшілігінде ішек таяқшаларының бактериялары бар және көгерген.
Ал қалған талапқа сай емес өнім түрлері мыналар: «Роллтон» макарондары, "Пассим" сұлы жармасы, «Кубанская семечка» күнбағыс майы, «Провансаль «Ряба» майонезі.