Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан даму банкі 100 млрд теңге мөлшерінде еурооблигациялар шығарды

Қазақстан даму банкі 100 млрд теңге мөлшерінде еурооблигациялар шығарды

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 100 млрд теңге көлемінде теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырады. деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Қазақстан даму банкі шығарған бағалы қағаздардың айналыста болу мерзімі 3 жылды құрайды (өтеу күні - 14 қыркүйек 2020 ж.), орналастыру кезінде өтелуіне қарағанда кірістілігі - 9,625 пайыз, купондық мөлшерлеме – жылдық 9,5 пайыз. Есеп айырысу мәмілесі а.ж. 14 желтоқсанында жүргізілетін болады. Өтінімдер кітабын қалыптастыру нәтижелері бойынша, ҚДБ теңгелік евробондтарына сұраныс көлемі (170 млрд теңге) бағалы қағаздар ұсыныс көлемінен (100 млрд. теңге) айтарлықтай асты. Банк ұсынған бондтардың орналастыру географиясы: Ұлыбритания (63%), АҚШ (21%), Германия (8%), басқа да Еуропа елдеріне шығарылым көлемінің 6%-ы тиесілі, Қазақстанға – 2%. Бағалы қағаздардың эмиссия көлемінің 97% - ын активтерді басқарушы қорлар иемденеді, 2% - ын хедж-қорлар, 1% - банктер. Абсолюттік сандарда әңгіме жиырма тоғыз инвесторлар туралы. Шығарылымның қаржы кеңесшілері мен андеррайтерлері - J. P. Morgan, Citi, Halyk Finance. ҚДБ евробондтарының осы шығарылымы Қазақстан (KASE) және Лондон (LSE) қор биржаларында листингтелетін болады.

Похожие материалы