Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан дамушы елдер рейтингі бойынша 56 орынға ие болды

Қазақстан дамушы елдер рейтингі бойынша 56 орынға ие болды

Қазақстан әлемдік дамушы елдердің рейтингінде (Prosperty Index-2015) 56 орынға тұрақтап, Орта Азия елдерін басып озды. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейтинг жөнінде The Legatum Institute халықаралық компаниясының баяндамасында жарияланды. Тізімде 142 елдің аты аталды. Рейтинг бойынша, алғашқы орынды Норвегия, Швейцария, Дания, Жаңа Зеландия және Швеция иеленсе, соңғы орында — Бурунди, Чад, Гаити, Ауғанстан және Орталық Африка Республикасы аталды. Өзбекстан рейтингте 57 орынға тұрақтады. Қырғыз Республикасы — 66 орын, Тәжікстан — 91 орын, ал Түркіменстан тізімде аталған жоқ. Дамушы елдерге қойылған басты талаптар - экономика (Қазақстан 54 орынды иеленді), кәсіпкерлік (56), басқарма ісі (107), білім (55), денсаулық сақтау (51), қауіпсіздік (66), жеке еркіндіктер (85), қоғамдық капитал (46). Фото: newskaz.ru

Похожие материалы