Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан өңделмеген түсті металл мен оның сынықтарын шығаруға тыйым салды

Қазақстан өңделмеген түсті металл мен оның сынықтарын шығаруға тыйым салды

Қазақстан үкіметі өңделмеген түсті металл мен оның сынықтарын шығаруға тыйым салды. Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушы Альберт Рау осындай бұйрыққа қол қойды.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік табыс комитетіне аталған қаулының орындалуын қадағалау, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына оны іске асыру тапсырылған.

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігіне Еуразиялық экономикалық одақ мүшелеріне қара металлдардың қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынғандығы жөнінде ақпарат тарату тапсырылды.

Қаулыға бекітілген қосымша бойынша, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі және басқа да өңделмеген пішіндегі алтынды республика аумағынан шығаруға тыйым салынған. Код - ТН ВЭД 7108 11 000 0.

Қосымшада жазылғандай, бағалы металдар мен бағалы металл жалатылған қалдықтар мен сынықтарды; құрамында бағалы металл немесе бағалы металлдардың қосындысы бар басқа да қалдықтар мен сынықтарды:алтын, алтынмен жалатылған металлдарды республика аумағына шығаруға уақытша тыйым салынған. Код-ТН ВЭД 7112 91 000 0.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан үкіметі 2014 жылдың шілдесінен бастап жарты жылға өңделмеген бағалы металлдар мен сынықтарын сыртқы шығаруға тыйым салынған еді.

Похожие материалы