Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Египетке наразылық нотасын жіберді

Қазақстан Египетке наразылық нотасын жіберді

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Қазақстан Египетке ресми наразылық нотасын жіберді. Бұл туралы бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Өздеріңіз де білетіндей, Каир қаласында Қазақстанның 6 азаматының жоғалып кеткеніне 12  күн болды. Қолда бар сенімді мәліметтерге сәйкес, 19-нан 20-шы шілдеге қараған түнде оларды Мысырдың  арнайы қызмет сақшылары ұстап, алып кеткен. Осы уақытқа дейін Мысыр тарабынан Қазақстан азаматтарының ұсталу себептері, олардың қазір қайда екендігі туралы ресми  ақпарат алған жоқпыз. Мысырдың СІМ басшылығымен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірнеше рет болған күнделікті келіссөздер нәтиже берген жоқ», - деді ол.

ҚР СІМ өкілінің айтуынша, таяуда Қазақстанның Каирдағы елшісі Египеттің Жоғары конституциялық сотының төрағасымен және президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісімен Қазақстан азаматтарына қатысты ахуалды  талқылаған.

«Олардың біздің азаматтарымыздың ұсталу мән-жайын анықтауға көмек көрсетеміз деген уәдесіне қарамастан жағдай өзгерген жоқ. Осыған орай Мысырдың сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық  нотасы жіберілді. Осындай нота Қазақстандағы Египеттің уақытша сенімді өкіліне де табыс етілді. Біз Египеттің ресми билігінен Қазақстанның азаматтарының ұсталу себептерін түсіндіруін, Қазақстанның Египеттегі елшілігі дипломаттарының, консулының  олармен байланысуына мүмкіндік беруін батыл түрде талап етеміз»,- деді Жайнақов.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы