Экономика
Қазақстан экономикасы үшін Қытай бульдозерлері қажет
Демпингке қарсы баж салығы қытай бульдозерлеріне байланысты көтерілетін болса, техника 50%-ға қымбаттауы мүмкін және "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық мемлекттік бағдарламасына кері әсерін тигізеді деп хабарлайды LS. Бұл туралы Тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді.
2015 жылдың шілде-тамыз айында Еуразиялық эконмикалық комиссия 2011-2014 жылға арналған нарықтағы қытай бульдозерлеріне сараптама жасады. Осы уақыт аралығында ҚХР-ның техника импортының көлемі 50%-ға өскен.
Қараша айында 5 жылға арналған демпингке қарсы баж салығын енгізу туралы (9,65% до 44,65%) шешім қабылданады. "Атамекен" ҰКП-ның келісіміне сәйкес, баж салығы енгізілетін болса ипортерлер бульдозерлерді елге алып келу кезінде тауардың құнына байланысты кедендік салық (5%) пен 9,65% -44,65% көлемінде демпингке қарсы салық төлейтін болады.
Радостовецтің сөзінше, егер баж салығы енгізілетін болса, қытай техникасы 50%-ға қымбаттайды. Ал бұл "Нұрлы жол" бағдарламасының жүзеге асырылуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі жобаны іске асыру үшін бульдозер техникаларын пайдалану керек.
«Оған кететін қаржы көлемі мемлекеттік тапсырыс бойынша, инфрақұрылымдық жобаның бюджетіне салынып қойды. Сондықтан Қазақстан экономикасы үшін салықты енгізу туралы мәселені қайта қарау керек. Біз қазір бюджеттің жетіспейтін кезеңінде өмір сүріп жатырмыз, ал экономиканы ынталандыру мақсатында инфрақұрылымдық жобаларды тоқтатпауымыз керек», – деді Қауымдастық басшысы.
Сондай-ақ, Н. Радостовец қытай бульдозерлері дамыған елдер техникасының баламасы болғанмен ЕАЭО-да бәсекеге қабілетті екенін жеткізді.