Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 42 орынға дейін көтерілді

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 42 орынға дейін көтерілді

Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz - Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты. Қорытынды бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

"Бір жыл бұрын Қазақстан 69 орында болған. Бүгінде Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны Польша – 45 орын", - делінген хабарламада.

Рейтингті құрушылар елдердің экономикаларын он өлшем бойынша бағалайды, олардың ішінде – меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі.

Талдаушылар еңбек нарығының икемділігі мен қаржылық тәуелсіздіктен басқа, барлық дерлік рейтингтер бойынша оң баға берді.

Сарапшылар өсімнің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономикадағы икемділігі мен ашықтық саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді. Сонымен қатар, мемлекет маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындарда, әсіресе энергетикалық секторда өз үлесін сақтауды жалғастыруда. Қолайлы реформалардың мысалы ретінде банктің жекешеленуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сонымен қатар сауда режимін жаңғыртуды атауға болады.

Бұдан өзге, талдаушылар Қазақстанның экономикалық еркіндікті одан әрі дамыту мақсатында бірқатар шараларды қабылдағанын мәлімдейді.«Энергетикалық емес секторды кеңейту шараларына қарамастан, ортақ нормативтік база бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында барынша қолайлы болуы керек», - деп тұжырымдады Heritage Foundation-де.

Ресей де өз көрсеткішін едәуір жақсартты, бірден 39 сатыға көтеріліп, 114-орынды иеленді. Қор зерттеулері Ресей экономикасына инфляциялық қысымның өсуі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың кеңінен жайылып, меншік құқықтарының жеткіліксіз қоғалуы кедергі келтіретінін көрсетті.

Похожие материалы