Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - Қазақстан экономикасының дамуына қолдау көрсетіп отырған негізгі сала - шикізат секторы. ЖІӨ-дегі тау-кен өндірісінің үлесі 15 пайызға дейін артты. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.
Ал қайта өңдеу саласының мемлекет экономикасындағы үлесі 11,7 пайызға жетті.
Қазақстан экономикасында тұраты өсім байқалып келеді. 2016 жылдың қаңтар-маусымында 2017 жылдың І жартыжылдығына қарағанда қызмет пен тауар өндірісі 4,2 пайызға көбейді.
Еске салсақ, 2016 жылы ел экономикасы 2015 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға ғана өскен болатын.
Бір жылда ЖІӨ құрылымында белгілі өзгерістер орын алды. Тау-кен секторы экспортталатын шикізат бағасын тұрақтандырып келеді. 2017 жылы сала кәсіпорындары өткен жылдан қарағанда 9,4 пайызға көп өнім өндірді. Нәтижесінде ЖІӨ-дегі тау-кен өндірісінің үлесі 14 пайыздан 15 пайызға артты.
Қайта өңдеу саласы бір жылда 11,3 пайыздан 11,7 пайызға өсті. Ал өндіріс секторы 7,2 папйызға көбейген.
2017 жылдың қаңтар-маусымында саудада 2,4 пайызға көп қызмет көрсетілді. Оның ҚР ЖІӨ-дегі үлесі 15,8 пайыздан 15,3 пайызға дейін төмендеді.