Естеріңізге салсақ, 14 маусымда ҚР Үкіметі отырысында алдағы уақытта Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге немесе әлсіз оң нәтижеге шығатыны туралы ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеген болатын.
«Қаңтар-мамырдың қорытындысы көрсеткендей, экономикалық өсімнің төмендеуі баяулады. Егер қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша төмендеу 0,4 % болса, қаңтар-мамырда – 0,2 % болды, яғни бір айда біз 0,2 % ұттық. Және маусымға қарай экономика бейтарап деңгейге шығады деп күтілуде, яғни біз әлсіз болса да, оңтайлы нәтижеге шығамыз, немесе ЖІӨ құлдырауы тыйылады», – деген болатын Қ. Бишімбаев.
Сонымен қатар, ол ҚР Президенті ұсынған шаралар экономикаға үлкен өсімді көрсетуге септігін тигізе алатынын айтып өтті.